Қызылорда тігін фабрикасы

501

0

Бүкіл Лениндік коммунистік жастар одағының 25 жылдығы атындағы №287 артель 1960 жылы 10 шілдеде облыстық комитет бюросының қаулысымен және Қызылорда облыстық еңбекші депутаттар кеңесі атқару комитетінің шешімімен тігін фабрикасы болып қайта құрылды.

Фабрикада 20-дан астам киім түрлері  жейде, шалбар, көйлек, күртеше, мақта күртеше мен шалбар, төсек  жабдықтары тігілді.

 1961 жылы мұнда барлығы 298 адам жұмыс жасады. 1967 жылдан бастап ерлер мен ер балалар шалбарын тігуге мамандандырылды. 1968 жылы Қызылорда тігін фабрикасында барлығы 446 адам жұмыс жасады.

1974 жылдың қараша айында Қызылорда тігін фабрикасының жаңа ғимараты пайдалануға берілді.

1977 жылы 4 қарашада Ұлы Октябрь социалистік революциясының 60 жылдығына орай Халық депутаттары облыстық кеңесі атқару комитеті шешімімен Қызылорда тігін фабрикасы «Октябрьдің 60 жылдығы атындағы Қызылорда тігін фабрикасы» болып аталды.

1978 жылы Өнеркәсіп министрлігі оқу комбинатының филиалы ашылды, кешкі мектеп пен 140 орындық балабақша жұмыс істеді.

Қызылорда тігін фабрикасы 24 өлшемнен 42 өлшемге дейін балалар шалбарын тігетін мамандандырылған кәсіпорын болды. 1980 жылы фабрикада дайындық, пішу, тігу, тәжірибелік 4 цех жұмыс жасады.

1983 жылдан бастап фабрика халық тұтынатын тауарлар, оның ішінде мақта матадан мектеп шалбарын, мектепке дейінгі балаларға арналған шалбар, ерлер шалбары, жұмыс костюмдері, жартылай комбинезон, көрпе, жапқыш, жастық шығарды.

1991 жылы 1183 адам жұмыс істеді. Қызылорда тігін фабрикасы Қызылорда жергілікті өнеркәсіп бірлестігінің құрамына кірген. Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру жөніндегі Қызылорда аумақтық комитетінің 1993 жылғы 22 желтоқсандағы №29 қаулысымен Қызылорда облыстық жергілікті өнеркәсіп бірлестігі «Жайна» акционерлік қоғамы болып қайта құрылды.

Облыстық архив қорынан

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<