Аймақтың бас дәрігері ардагерлерді құттықтады

754

0

Үлкенді сыйлап, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз.

Қарттар – біздің асыл қазынамыз. Ортада жүрген қарияларымыздың елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері қашанда ерекше орын алады. Сол секілді медицина саласының ардагерлерінің де Сыр медицинасының дамуына қосқан үлестері ерек.

«9 мамыр — Жеңіс күні» мерекесіне орай, ардагерлерімізге құрмет көрсету мақсатында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Искаков Олжас Ермекұлы медицина ардагерлерін арнайы мерекемен құттықтап, сый-сыяпат жасады.

Өз кезегінде сала ардагерлері Маханов Тұрғанбай Маханұлы, Көзденова Раиса Әбдешқызы және Сыздықов Ақмырза Сыздықұлы аймақтың бас дәрігеріне алғыстарын білдіріп, ақ батасын берді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<