Алматы аз қабатты үйлерге қайта оралды – әкімдік

269

0

Фото: Kazinform

Алматыда егжей-тегжейлі жоспарлаудың жаңа жобасы аясында қалада шағын қабатты құрылысқа басымдық берілмек, деп хабарлады KAZINFORM.

«Құрылыс салушы алты қабатты тұрғын үйді егжей-тегжейлі жоспарлаудың жаңа жобасындағы шарттарды ескеріп, эскизді мақұлданғаннан кейін ғана жүзеге асырады. Естеріңізде болса, бес қабатты үйлердің нөлдік бұрышында тоғыз қабатты ғимараттар салынған. Жаңа ЕТЖ-да мұның жолын кестік және бұл аймақтарды демалыс орындарына айналдырдық. Осылайша, біз қаланың өз ережесі бар екенін түсіндіреміз», – деді Асқар Әмрин.

Айтуынша, жаңа ЕТЖ саябақтарды, скверлерді, бульварларды қосқанда, жалпы пайдаланымдағы жасыл желектер алаңын 2030 жылға дейін 3 есе ұлғайтуды көздейді.

Айта кетейік, Алматы жоспарының егжей-тегжейлі жаңа жобалары бекітілді. Жаңа жоба қаланың 2040 жылға дейінгі Бас жоспарына сәйкес әзірленді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<