«Алматы жастары» тұрғын үй бағдарламасына өтінім қабылдау басталады

702

0

Бүгін «Алматы жастары» ипотекалық тұрғын үй бағдарламасына өтінім қабылдау басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасына сілтеме жасап.

«Алматы жастары» жеңілдетілген несие беру бағдарламасы шеңберінде өтінімдер мен құжаттарды қабылдау 15 – 31 мамыр аралығында жүргізіледі.

Биыл аталған бағдарламаға жергілікті бюджеттен 17 млрд теңге қарастырылды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 млрд теңгеге көп. Бұл сомаға кемінде 1100 адамды қамту жоспарланған.

Қала әкімдігі мен Отбасы банкінің бірлескен жобасына 35 жасқа дейінгі/толған алматылықтар қатыса алады.

Өтінімдер Алматы қаласындағы мемлекеттік республикалық және қалалық ұйымдарда жұмыс істейтін азаматтардың келесі санаттарынан қабылданады:
– дәрігерлер мен медбикелер;
– мұғалімдер мен тәрбиешілер;
– әртістер, жазушылар, суретшілер, композиторлар, мәдениет саласының қызметкерлері;
– жаттықтырушылар мен спортшылар;
– университеттер мен ғылыми-зерттеу институттарының оқытушылары мен ғылыми қызметкерлері;
– әлеуметтік сала қызметкерлері мен қалалық коммуналдық қызмет мамандары;
– құқық қорғау органдарының қызметкерлері (ҚР ІІМ, ТЖД, қалалық прокуратура, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, Экономикалық тергеу департаменті);
– журналистер мен БАҚ қызметкерлері (мемлекеттік және коммерциялық);

Үміткерлердің ресми жұмыс өтілі Алматы қаласында соңғы жарты жылдан кем болмауы керек.

Сондай-ақ бағдарлама қатысушысы мен оның отбасы мүшелерінің атында кейінгі 5 жылда жылжымайтын мүлік тіркелмеген болмауы тиіс.

«Алматы жастары» бағдарламасының шарттары жөнінде толығырақ мына жерден білуге болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<