Ауласында 10 тонна жанармай сақталған үйдегі өрт ауыздықталды

480

0

Қызылорда қаласында өрт сөндірушілер ауласында бірнеше тонна жанармай сақталған тұрғын үйдегі өртті ауыздықтады.

Өрт Қызылорда қаласында орналасқан әл-Фараби көшесі бойындағы тұрғын үйде болды.

Оқиға орнына өртке қарсы қызметінен 13 қызметкер 4 техникамен барды.

Өрт сөндірушілер барған сәтте аумағы 100 шаршы метрді құрайтын құрылыс жанып жатқанын анықтады.

Оған қоса сыйымдылығы 4 тонна болатын жанармай тасымалдағыш техника дизель отыны, қосымша құрылыс ішінде 2 тонна дизель отыны және 4 тонна АИ-92 маркалы жанармай бар екені белгілі болды.

Жалынның көршілес тұрғын үйге таралу мүмкіндігі нақтыланды.

«Өрт оқшауланып, толығымен сөндірілді. Оқыс оқиғадан аумағы сол үйдің құрылыстары (ішінде 6 тонна дизельдік отын, 4 тонна АИ-92 маркалы бензин), көрші орналасқан үйдің қосымша құрылыстары зақымдалған. Өрт кезінде сол үйде тұратын 1994 жылғы азаматтың денесінің 60 пайызын күйік шалып, ол облыстық медицина орталығының жан сақтау бөліміне жатқызылған», – деді облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінен.

Ведомство мәліметінше, өртті сөндіруге өртке қарсы қызметінен 52 қызметкер мен 11 техника, арнайы қызметтер жұмылдырылды.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада тұрғын үй түгі қалмай өртеніп кетті.

Әділжан Үмбет

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<