Азиада-2018: Бүгін жеңіл атлеттерден кімдер сынға түседі

217

0

Бүгін Азия ойындарында жеңіл атлеттер спорттың қандай түрлерінен сынға түсетіні белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Жеңіл атлетика федерациясы мәлім еткендей, 27 тамыз күні жеңіл атлеттеріміз спорттың бірнеше түрінен сынға түседі. Жеңіл атлеттердің 27 тамыз күнгі жарыс кестесі: 09:00: 110 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру (ерлер, іріктеу) – Вячеслав Земс, Давид Ефремов; 09:15: Биіктікке секіру (әйелдер, іріктеу) – Надежда Дубовицкая; 10:00:800 метрге жүгіру (әйелдер, іріктеу) – Маргарита Мұқашева; 19:00: 400 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру (ерлер, финал) – Дмитрий Коблов; 19:45: 800 метрге жүгіру (әйелдер, жартылай финал) – Маргарита Мұқашева; 20:55: 110 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру (ерлер, іжартылай финал) – Вячеслав Земс, Давид Ефремов; 21:15: 4х400 метрлік аралас эстафета (іріктеу) – Элина Михина, Светлана Голендова, Любовь Ушакова, Михаил Литвин, Андрей Соколов, Дмитрий Коблов. Айта кетейік, Қазақстан жеңіл атлетикадан алғашқы екі жарыс күнінде екі қола медальға ие болды. 25 тамызда Иван Иванов ядро серпуден, 26 тамызда Элина Михина 400 метрге жүгіруден үштікке кірді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<