БАБА АМАНАТЫ ДӘРІПТЕЛДІ

310

0

Бүгін Жалағаш аудандық Мәдениет және өнерді дамыту орталығында «Жалағаш аудандық әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің, «Аналар кеңесінің», аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен халық қаһарманы Б.Момышұлының келіні, жазушы-этнограф З.Ахметованың «Бабалар аманаты» кітабы бойынша пікір алмасу кеші өтті.
Жиынға ардагерлер, «Аналар кеңесінің» мүшелері, білім, медицина саласының қызметкерлері, жастар және БАҚ өкілдері қатысты. Келелі кездесуге Жалағаш аудандық әйелдер кеңесі қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ә.Мәдиева модераторлық жасады.
Пікір алмасу кешінде Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы аудандық филиалының төрайымы Д.Мирман, ақын, сазгер, ұстаз, аудандық «Аналар кеңесінің» мүшесі А.Орынбаева, аудандық «Аналар кеңесінің» төрайымы Р.Ералы, Қазақстан Журналистер және Халықаралық Жазушылар Одағының мүшесі, аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің жауапты хатшысы Қ.Ахетов, облыстық «Сыр дидары» басылымының редакторы С.Алдашбаев,Т.Жүргенов атындағы №123 мектеп-лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі С.Қосжанова, аудандық кітапхана редакторы, «Аналар кеңесінің» мүшесі Ұ.Нұрымбетова, Мәдениет ауылдық «Аналар кеңесінің» төрайымы Р.Шарафадинова «Бабалар аманаты» кітабының өскелең ұрпақ тәрбиесіндегі алатын орнының маңыздылығына тоқталып, мазмұнды баяндамалар, кітаптағы тәрбиелік өнегелі өсиеттермен бөлісті, ұсыныс-пікірлер айтылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<