Басқарма басшысы ұстаздар қауымын Наурыз мерекесімен құттықтады

212

0

Бүгін А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде облыстық білім бақсармасының ұйымдастыруымен «Наурыз нұры» салтанатты шарасы өтті.

Білім саласының ардагерлері, басқармаға қарасты мекеме басшылары және ұстаздар қауымы қатысқан мерекелік жиында басқарма басшысы М.Шермағанбет Әз-Наурыз мейрамымен құттықтап, ізгі ниетін білдірді.

Баршаңызды көктемнің ең тамаша мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Наурыз ықылым заманнан бері ырыс пен ынтымақтың, татулық пен тазалықтың, бірлік пен кісіліктің мейрамы болып есептеледі. Табиғат иіген, көк тас жібіген Наурызда мейірім шаттыққа ұласып, барша жұрт ырыздыққа кенеледі. Бұл күні барша жұрт ақ дастархан жайып, ренішті жандар қайта табысады. Сол үшін түсіністікті ту етіп, елді бірлік пен ынтымаққа шақыратын Наурыз мерекесінің еліміз үшін маңызы ерекше.
Өткен жыл көлемінде ауқымды жұмыстар атқарылды. Алда жүзеге асырылатын жобалар бұдан да ауқымды. Біз бұл жұмыстарды бірлесіп жүзеге асыратын боламыз. Бұл жолда Сіздердің еңбектеріңіздің ерекше екенін атап өткім келеді» – деді басқарма басшысы.

Салтанатты шарада аймақтың білім саласын дамытуға ерекше үлесін қосып жүрген бірқатар педагог басқарма басшысының «Құрмет грамотасымен» және «Алғыс хатымен» марапатталды.

М.Шермағанбет ұстаздардың білім берудегі ерен еңбегін сөз етіп, алғысын білдірді. Сондай-ақ, атқарылған жұмыстарды баяндап, жүйелі жоспарларымен бөлісті.

Мерекелік шарада ұлағатты ұстаздар концерттік бағдарламаны тамашалады.

Қызылорда облысы білім басқармасының баспасөз қызметі