Байқоңыр – жеңімпаз атанды

276

0

Қызылорда қаласы «Динамо» СК ҚР Ішкі істер органдарының ардагері, полиция полковнигі Абдулла Скаковты еске алуға арналған волейболдан ардагерлер арасында облыстық ашық турнир өтті. Жарысқа Қызылорда, Байқоңыр қаласы жəне аудандардан 6 команда 100-ге жуық ардагер спортшылар қатысты.
Нəтижесінде Байқоңыр қ. командасы 1-орынды жеңіп алды. Жаңақорған ауданы екінші, Қызылорда қаласы «Ардагер» командасы үшінші орындарға ие болды.
«Үздік шабуылшы» – Қуаныш Рахатов (Байқоңыр), «Үздік үйлестіруші» – Молдахмет Ағыбаев (Қызылорда), «Үздік төреші» – Бақытжан Имбергенов (Қызылорда), «Үздік ойыншы» – Жұмахан Нұртазаев (Жаңақорған).
Жеңімпаз, жүлдегер командалар грамота, кубок жəне ақшалай сыйақымен марапатталды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<