Қызылорда облысының «Қамбаш» балалар сауықтыру лагерінде жазғы демалысын өткізіп жатқан балалар арасында «Цифрландыру – балалар көзімен» атты сурет байқауы өткізілді.
Байқаудың мақсаты – жасөспірімдерге цифрландырудың пайдасын түсіндіру, оның маңыздылығын насихаттау болып табылады. Байқауға лагерьде демалушы 6-8 сынып оқушылары қатысты.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басқарма басшысы Ғалымжан Ілкібаев «Бүгінгі таңда цифрландыру бағытында облыс бойынша қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, жалпы білім беру мекемелерінде «Күнделік» электрондық журналына көшірілсе, денсаулық сақтау саласында облыстың барлық медицина ұйымдары интеграцияланған медициналық ақпараттық жүйеге қосылып, науқастар «Damumed» мобильді қосымшасы арқылы қабылдануда. Жыл басынан бері облыс бойынша 1 млн. 598 мың қызмет көрсетілген. Оның ішінде, 1 млн. 24 мың қызмет электронды түрде көрсетілген» деді.
Байқау қорытындысымен жеңімпаздар дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<