Елімізде жатақхана құрылысы азайған

453

0

Фото: ашық дереккөз

2022 жылдың қаңтар-желтоқсан айлары аралығында 43 жатақхана пайдалануға берілді. Одан бір жыл бұрын 82 жатақхана салынған еді, деп хабарлайды Egemen.kz Finprom сарапшыларына сілтеме жасап.

Өз кезегінде, салынған ғимараттардың жалпы ауданы бірден 65%-ға қысқарып, 72,9 мың шаршы метрді құрады. Жатақханалардың пайдалану алаңы 148,9 мыңнан 58,9 мың шаршы метрге дейін қысқарған (минус 60,4%). Жаңа ғимараттардың құрылыс көлемі де 763,4 мыңнан 234,7 мың текше метрге дейін азайған.

Құрылыстың нақты құны бір жыл бұрын 53,5 млрд теңге болса, биыл 11 млрд теңгені құрайды.

Ел бойынша пайдалануға берілген 43 жатақхананың 25-і ауылдық жерлерге тиесілі, ал олардың жалпы ауданы 19,5 мың шаршы метрді құрайды.

Өңірлік бөліністе салынған жатақханалардың ең үлкен жалпы ауданы елордада тіркелді – 15,7 мың шаршы метр. Екінші және үшінші орындарда Шымкент (12,4 мың шаршы метр) және Павлодар облысы (9,4 мың шаршы метр) тұр.

2021 жылы білім беру ұйымдарының жатақханаларында тұрған студенттерден түскен төлем 4,3 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 58,1%-ға артық.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<