Газбен жүретін көліктердің иелеріне ескерту жасалып жатыр (ВИДЕО)

446

0

Фото: скрин

Қазақстанда полиция газбен жүретін көліктердің иелеріне ескерту жасап жатыр, деп хабарлады Polisia.kz.

Биыл 1 қаңтардан бастап СТ 1412-2017 «Жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдары. Қолдану қағидалары» ұлттық стандартына толықтырулар енгізілді.

Енді газ баллонымен жабдықталған автомобильдердің жүргізушілері GAS деген жазуы бар белгіні көлігіне жапсыруға міндетті. Бұл шара қауіпсіздік үшін енгізілді.

Жабық паркингке мұндай көліктерді қоюға болмайды.

Түркістан облысының полициясы жүргізушілерді тексеріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Осылайша, олар облыс орталығында көліктерді тоқтатып, газ баллон жабдығы бар көлік иелеріне арнайы белгіні орнату маңызды екенін айтты.

Талапқа бағынбағандарға 11 мың теңге айыппұл салынады.

Еске сала кетсек, бұған дейін елімізде газбен жүретін көліктерге арнайы белгі орнатылып жатқаны хабарланған еді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<