Көктемгі дала жұмыстары қарқынды жүргізілуде

456

0

Фото: Қазалы ауданы

Кеше, аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің басшысы Е.Сейтов, «Қазалысушар» өндірістік учаскесінің жетекші маманы Е.Ләпенов және тиісті сала мамандары «Агро Өркен» ЖШС-нің егістігінде болып ақ егіс егу жұмыстарымен танысып, шаруашылық мамандарына сәттілік тіледі.

Шараушылық бойынша бүгінгі күнге 70 га жаздық бидай, 94 га жаңа жоңышқа дақылдары себілсе, 487 га ескі жоңышқа дақылы толық тырмаланып, суғару жұмыстары жүргізілуде.

Аудан бойынша тоқтала кетсек, биыл барлығы 17 377 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыру жоспарлануда. Негізгі дақыл – күріш 6 200 га.

Сонымен қатар, осы жылдың егісі үшін 1 746 тн күріш, 31 тн бидай, 21 тн арпа, 32 тн жоңышқа және 4,2 тн мақсары тұқымдары дайындалды.

Сондай-ақ, аталған егістікке барлығы 4383 тн тыңайтқыш, 4100 литр гербицид қажет деп есептеліп, бүгінгі күнге 1943 тн тыңайтқыш жеткізілді.

Көктемгі дала жұмыстарына барлығы 289 дана ауыл шаруашылығы техникалары жұмылдырылып, жеңілдетілген 894 тн дизель отыны бөлінді.

Айта кету қажет, аудан бойынша ерте егілетін ақ егіс егу жұмыстарына шаруашылық құрылымдары наурыз айының 29-нан бастап, кірісті.

Қазіргі таңда аудан бойынша 4832 га ескі жоңышқа толығымен тырмаланып, 1300 га суғарылса, межеленген 2843 га жаңа жоңышқаның 611 га, 362 га жаздық бидайдың 80 га егіліп егілсе, 50 га мақсары және 60 га арпа дақылдарын егу жоспарда бар.

Қазалы ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<