Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарға алғыс айтты

420

0

Фото: Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сайты

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарға алғыс айтты, деп хабарлайды Kazinform

«Інімнің мезгілсіз қайтыс болуына орай айтылған жылы сөздер мен шынайы тілектеріңізге ризашылығымды білдіремін. Осындай ауыр сәтте сіздердің көрсеткен қолдауларыңыз маған күш-қуат берді. Жақын адамнан айырылу орны толмас қасірет. Ол ұзақ жылдар бойы ауырды, бірақ бізге ешқашан қиналғанын білдіртпеді. Соңғы күндері бірқатар елдің басшыларынан көңіл айту жеделхаттарын алып жатырмын. Сондай-ақ, маған еліміздің саяси және қоғам қайраткерлерінен, депуттатар мен дипломаттардан, діни қызметкерлер мен бизнес қоғамдастық өкілдерінен, сондай-ақ көптеген қазақстандықтардан хаттар келіп түсті. Қайғымды бөлісіп, қолдау білдірген барлық жанға алғысымды айтамын. Шынайы ниеттеріңізге көп рахмет», — деп жазады Нұрсұлтан Назарбаев өзінің ресми сайтында. 

Еске сала кетейік, Болат Назарбаев 13 қарашада Алматының орталық клиникалық ауруханасында көз жұмған болатын. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<