«Қазалы» конфеті жаңа қаптамада

1565

0

Қазалылық кәсіпкер ауданның бренді саналатын «Қазалы» конфетін жаңа қаптамамен шығаруда. Жаңа қаптамада ғасырдан астам тарихы бар, ажары алыстан менмұндалайтын Қазалының теміржол вокзалы бейнеленген.

Қазалы қаласындағы конфет цехына арнайы келген аудан әкімі Мұхтар Оразбаевқа жеке кәсіпкер Фатима Қазбергенова өзінің кәсібі туралы жан-жақты айтып берді.

«Қазалы» кәмпиті өнімдерін шығаратын цех аймақтағы тәтті кәмпит түрлерін шығаратын автоматтандырылған жалғыз кәсіпорын. Қазіргі таңда цехта конфеттің жалбыз (ащы), барбарис, саломка (бор кәмпит), ала кәмпит сияқты 8 түрі шығарылуда. Бүгінде «Саломка», «Барбарис», «Маусым», «Қазалы» кәмпиттеріне сұраныс жоғары. Цехта 7 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз етілген.

Цехтың жұмысымен танысқан аудан әкімі Мұхтар Оразбаев жеке кәсіпкердің жұмысына сәттілік тілеп, кәсібі өрлей беруіне тілектестігін білдірді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<