Қазақстандағы астық алқаптарының 86 пайызы жиналды

380

0

Республиканың барлық облыстарында егін жинау жұмыстары қызу жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

Әкімдіктердің деректеріне сәйкес, бүгінге дейін 13,9 млн гектар дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар жиналды, бұл жалпы өнімнің 86,3 %-ын құрайды. Қазіргі таңда орташа өнімділік гектарына 12,5 центнер, 17,3 млн тонна астық бастырылды.

«Басқа ауыл шаруашылығы дақылдарына келетін болсақ, майлы дақылдардың жалпы түсімі 363 мың тоннаны құрады, 3,6 млн тонна көкөніс және 2,1 млн тонна картоп жиналды. Егінді жинау жұмысы жалғасып жатыр», – деп жазды ведомстводан.

Қазақстанда жалпы сақтау сыйымдылығы 12,8 млн тонна болатын 189 лицензияланған астық қабылдау кәсіпорны жұмыс істейді. Оларды жаңа өнімді қабылдауға дайындау бойынша жоспарлы жұмыс жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өзінің 16,6 млн тонна астыққа есептелген сақтау қоймалары бар. Аталған көлемдердің болжамды түсімін ескерсек, ол орындар жиналған астықты сақтау үшін жеткілікті болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<