Құсбегіліктен бірінші халықаралық чемпионат аяқталды

641

0

Абай облысында құсбегіліктен І Халықаралық чемпионат мәресіне жетті. Бұл туралы ҚазАқпарат облыс әкімдігінің телеграм каналына сілтеме жасап хабарлайды.

Чемпионат Үржар ауданында ұйымдастырылған. Оған 6 шет мемлекет пен еліміздің түкпір-түкпірінен 100-ге тарта құсбегі қатысты.

Сонымен, қорытынды мынадай:

Бүркіт жарысы бойынша жүлделі 1-орынға Жалғасұлы Серікболсын (Жамбыл облысы), 2-орынға Нұман Өмірбек (Абай облысы), 3-орынға Өркен Бәйтілкәріпұлы (Моңғолия), Тастанбек Байрақ (Астана қаласы) ие болды.

Қаршыға жарысы бойынша жүлделі 1-орынға Сейтжан Бексұлтан (Алматы облысы), 2-орынға Серікбек Ерасыл (Астана қаласы), 3-орынға Салават Айтбекұлы (Қырғызстан), Айшуақ Тайманов (Маңғыстау облысы) лайық танылды.

Ителгі жарысы бойынша жүлделі 1-орынды Таңат Оспанқұлов (Қарағанды облысы), 2-орынды Ерлан Сандыбай (Түркістан облысы), 3-орынды Мұрат Налват (Түркия), Кеуенов Бағдат (Түркістан облысы) алды.

Тазы жарысы бойынша 1-орын Аманбек Дүкенов (Абай облысы), 2-орын Жандос Озатов (Абай облысы), 3-орын Аманбек Дүкеновке берілді.

Жеңімпаздар арнайы дипломдармен және қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<