Қызылорда: Есірткі еккен тұрғын ұсталды

603

0

Қызылорда облысы ПД-ті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен «Қарасора-2021» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында 2 маусым күні өз үйінің ауласында 11 түп сора өсірген тағы да қала тұрғыны ұсталды.

Полиция қызметкерлері оқиға орнынан сора және оны баптап өсіруге арналған құрал – саймандарды айғақ зат ретінде тәркіледі.


Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 300-бабының 1-бөлігімен (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<