Ресей «Протон» зымырандарын шығаруды тоқтатады

269

0

Жыл соңына дейін ауыр кластағы «Протон-М» тасымалдаушы зымырандарына арналған қозғалтқыштарды шығару тоқтатылады. Бұл туралы «Энергомаш» ғылыми-өндірістік бірлестігінің бас директоры Игорь Арбузов мәлім етті.
РИА Новости таратқан хабарларға қарағанда, бұрын «Роскосмос» басшысы Дмитрий Рогозин қазіргі келісімшарттар орындалғаннан кейін «Протондардың» шығарылуын тоқтату міндетін қойған. Бұдан былай ғарышқа тек «Ангар» зымырандары ұшырылады.
«Жыл соңына дейін қозғалтқыштар өндірісін тоқтатамыз. «Протон» зымырандарын ұшыру бойынша жаңа келісімшарттар жасалмаса, келер жылдан бастап бұлар шығарылмайды», – дейді Арбузов.
Осыған байланысты, «Протон-ПМ» қозғалтқыштарын шығарудың орнына бірлестік жанармай-энергетика кешендеріне арналған өнімдер шығару, авиациялық қозғалтқыштар базасында газ-турбиналық қондырғыларды сынақтан өткізу, газ-турбиналық электр станцияларын құрастыру және сынақтан өткізу сияқты міндеттерді атқаратын болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<