«Руханият» отбасылық оқырмандар клубы жаңа мүшелермен толықты

287

0

Фото: Назарбаев зияткерлік мектебі

Қызылорда қаласындағы Зияткерлік мектепте оқушылар мен ата-аналар арасында кітап оқуды насихаттау мақсатында құрылған «Руханият» отбасылық оқырмандар клубында кезекті іс-шара өтті.

Биылғы оқу жылында жас зияткерлер қатарына қабылданған 7-сынып білім алушылары және олардың ата-аналары клубқа мүше болып отыр.

«Book Tasting» әдісі бойынша өткізілген бас қосуда клуб мүшелері «әдеби кафеде» жиналып, «NIS оқушыларына оқуға ұсынылатын 100 кітап» жобасының тізіміне енген шығармалармен танысты. Сондай-ақ, өз кітаптар мәзірін әзірлеп, негізгі, қосымша қызықты, пайдалы әдебиеттер тізімін ұсынды.

Бұл шара өзара қарым-қатынасты арттырып, қазақ жазушыларының туындыларымен танысуға мүмкіндік берді. Кездесуде ата-аналар мен оқушылар белгілі балалар жазушысы, 100 жылдық мерейтой иесі Бердібек Соқпақбаевтың «16 жасар чемпион» әңгімесін таңдап, оның мазмұнына клубтың келесі отырысында талдау жүргізуге шешім қабылдады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<