СЫРДАРИЯЛЫҚ СПОРТШЫЛАР АЛДА КЕЛЕДІ

231

0

Көгалдағы хоккейден «Қайсар» ерлер құрамасы мүшелерінің басым көпшілігі Сырдария ауданының спортшылары екені белгілі.
Бүгінде сырдариялық спортшылар көптеген жарыстарға қатысып, ел мерейін асқақтатуда. Күні кеше аудан әкімінің баспасөз қызметіне тағы да қуанышты хабар келіп түсті.
Ресей федерациясының жоғарғы топ лигасының алғашқы айналымында бақ сынасып жатқан спортшылар алғашқы айналым қорытындысы бойынша І-орынды иеленді.
Жоғары топ лигасының ІІ-айналымы ағымдағы жылдың тамыз айында Екатеринбургте, ІІІ-айналымы қыркүйекте Казанда, ІV-айналым қазан айында Санкт-Петербург қаласында өтеді деп жоспарлануда.
Саңлақ спортышлардың бүгінгі аяқалысына қарап, алдағы айналымдарда да жеңіс тұғырынан көрінетініне сенім мол.
Айта кету керек, команданы жарысқа ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Сұлтанбек Қобландин бастап барды.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<