Универсиада үздіктері – университет студенттері

624

0

Түркістан қаласындағы XI жазғы универсиадаға спорттың 30 түрінен еліміздің 20 жоғары оқу орындарының спортшылары қатысып жатыр. Олардың арасында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің студенттері де бар. Университет мақтаныштары аталмыш жарыста бой көрсетіп, 2 алтын, 2  қола медальды қанжығаларына байлап,жеңіс тұғырынан көрінді.

Асылзат Сағымбай,

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің студенті,

Әйелдер күресі бойынша алтын медаль иегері:

– Универсиадаға қатысып, алтын алу менің және бапкерімнің нәтижелі еңбегінің жемісі деп есептеймін. Бұл бәйге өте тартысты өтуде. Замандастарымның барлығы кәсіби біліктіліктерін салып, жүлде үшін тер төгіп жатыр. Менің жеңіске жетуіме үлес қосқан жаттықтырушыларыма, жағдай жасаған университет ректорына алғысым шексіз. Барша жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеймін.

Жеңімпаз студенттер:

1.      Сағымбай Асылзат Мирамбекқызы, 1-орын, алтын медаль, ФКС-17-3 оқу тобының 4-курс студенті.

2.      Қаппар Айша Кенжеғалиқызы, 1-орын, алтын медаль, ФКС-20-1 оқу тобының 1-курс студенті.

3.      Алдаш Ақтолқын Әбілсейітқызы, 3-орын, қола медаль, ФКС-17-3 оқу тобының 4-курс студенті. 

4.      Алпысбай Малика Шәріпбекқызы, 3-орын, қола медаль, ФКС-17-3 оқу тобының 4-курс студенті.

Бапкерлері: «Дене тәрбиесі» кафедрасының аға оқытушылары Тулегенов Асылбек Иманбаевич пен Алиев Қайрат Зеравшанович.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<