Қызылордада ҚР спорт күні мерекесіне орай велошеру өтті

463

0

Қызылордада ҚР спорт күні мерекесіне орай велошеру өтті Бұқаралық велошеру «Сыр-Ана» монументінен басталып, Тәуелсіздік даңғылы арқылы «Евразия» СК алдында мәреге жетті. Қатысушылар 7 шақырымды жүріп өтті.
Велошеруге облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов, ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Бекболат Байжанов, облыстық спорт басқармасының басшысы Олжас Акимов және спортшылар, әуесқойлар, қала тұрғындары қатысып, салауатты өмір салтын насихаттауға өз үлестерін қосты.
Барша спорт сүйер қауымды ҚР Спорт күні мерекесімен құттықтаймыз!
Джакартада (Индонезия) бүгін басталған жазғы Азия ойындарына, Пара Азия ойындарына және Буэнос-Айрес қаласында (Аргентина) өтетін жасөспірімдер Олимпиада ойындарына қатысатын спортшыларымыз еліміздің, Сыр елінің мерейін үстем ете берсін!
Әрқашан көк туымыз биікте желбіреп, Әнұранымыз шырқала берсін! Қазақ елін бүкіл әлемге танытатын жеңіске ұмтылысы мен қажырлы қайраттылығы бар спортшылардың қатары толастай берсін!

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<