Жаңақорған ауданындағы №7 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі аймақ мерейін асырған спортшыларды дайындауда үздік атанып келеді. Аталмыш мектептің жанынан құрылған 9 спорт кешені бар болса, оның 6-ы жеке меншік есебінде салынған. Бұл мектеп спорттың 19 түрі бойынша 1800-ге жуық спортшыға кәсіби бағыт-бағдар беруде.
Нақтырақ айтсақ, ауыр атлетикада – 2 жаттықтырушы, 78 спортшы, баскетболда – 4 жаттықтырушы, 142 спортшы, бокста – 5 жаттықтырушы, 112 спортшы, волейболда – 4 жаттықтырушы, 118 спортшы, гандболда – 4 жаттықтырушы, 108 спортшы, дзюдода – 4 жаттықтырушы, 104 спортшы, еркін күресте – 12 жаттықтырушы, 350 спортшы, таеквондода – 2 жаттықтырушы, 64 спортшы, үстел теннисінде – 1 жаттықтырушы, 42 спортшы, белбеу күресінде – 4 жаттықтырушы, 150 спортшы, каратэде – 1 жаттықтырушы, 42 спортшы, футзалда – 4 жаттықтырушы, 120 спортшы, шахматта – 1 жаттықтырушы, 12 спортшы, аударыспақта – 1 жаттықтырушы, 10 спортшы, жамбы атуда – 2 жаттықтырушы, 30 спортшы, көкпарда – 3 жаттықтырушы, 94 спортшы, қазақ күресінде – 4 жаттықтырушы, 150 спортшы, теңге ілуде – 2 жаттықтырушы, 25 спортшы, тоғызқұмалақта – 1 жаттықтырушы, 42 спортшы бар.
Спортшыларды жоғары деңгейде даярлауда қажырлы еңбек етіп жүрген 61 оқытушы-жаттықтырушының 58-і жоғары білімді. Ал 4 жаттықтырушы – біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты болса, 12 жаттықтырушы – біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты, 21 жаттықтырушы – біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты.
Бұдан бөлек, мектеп қабырғасында шеберлігін шыңдап жүрген спортшылардың ішінде 2 – халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 5 – ҚР спорт шебері, 108 – ҚР спорт шеберлігіне кандидат атақтары бар.
Жоғарыда аталған спорт мектебінің жүйелі жұмысының арқасында жас өрендер өткен жылы Әлем және Азия чемпионаттарынан 3 алтын, 1 қола медаль жеңіп алса, ҚР чемпионаттарынан 15 алтын, 11 күміс, 11 қола жүлдеге қол жеткізді.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Ұлттық құрама командасының сапына аталмыш спорт мектебінен 23 спортшы енді. Оның 11-і негізгі құрамда болса, 4 спортшы жастар құрамасында, ал 8-і жасөспірімдер құрамасына қабылданған.
Айта кетейік, №7 Жаңақорған аудандық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі балалардың жас ерекшелігіне сәйкес спорт түрлеріне қабылдайды.
Спорт мектебі туралы жеке сұрақтарыңыз болса директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Диляра Мусаева 8701-664-46-77 номеріне хабарласуларыңызға болады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<