Жатақханаларда есірткі қолданғандарды анықтау рейдтері өткізілуде

357

0


Қызылорда қаласында орналасқан білім ордаларының студенттік жатақханаларында есірткі қолданып, таратуға бейімді жастарды анықтау мақсатында рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылды.


Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен ювеналды полиция қызметкерлері бірлесіп, М.Маметова атындағы Қызылорда жоғары гуманитарлық және И.Әбдікаримов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледждерінің жатақханаларында рейдттік іс-шаралар ұйымдастырып, студенттер қауымымен кездесті. Оларға есірткі заттары, оларды тарату жайлы ақпарат беріп, сақ болуға шақырды.


Қатысушыларға ақпарат парақтары, Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ-ның және ортақ анонимді жедел қызметінің «Сенім» телефондары көрсетілген флаерлер таратылды.
Алдағы уақытта облыс орталығындағы жатақханалардың барлығында мұндай іс –шаралар өткізілмек.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<