Әскери басқару органдарының күні

505

0

Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті, басқармасы мен бөлімдерінің жеке құрамы 12 қыркүйек – жергілікті әскери басқару органдарының күнін атап өтті.

Облыстық Жастар ресурстық орталығында өткен шараға департамент бастығы, полковник Ғалымжан Тасжанов, «Қарулы Күштердің ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының төрағасы Мыңділда Ршауов, «Ардагерлер одағының «Тәжік-Ауған шекарасында жауынгерлік қимылдарына және әскери қақтығыстарына қатысушылардың» республикалық қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының төрағасы Марат Орынбайұлы мен облыстық «Ауғанстан соғысының ардагерлері ұйымы», «Ерлік» үйлестіру кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Ауған соғысының ардагері Қайраддин Баймаханов қатысты.

Жыл сайын 8 сәуір күні тойланатын «Жергілікті әскери басқару органдарының күні» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2021 жылғы 5 мамырдағы №292 бұйрығына толықтырулар енгізу арқылы 12 қыркүйекке ауыстырылған болатын. Тарихқа көз жүгіртер болсақ 1918 жылы 8 сәуірде алғашқы әскери комиссариаттар құрылып, Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында олар қайта Қорғаныс істері жөніндегі департаменттер, басқармалар мен бөлімдер болып өзгертілді. Міне, содан бері 104 жыл өте шықты. Қазіргі уақытта еліміздің барлық өңіріндегі жергілікті әскери басқару органдарына 200-ден астам бөлімше кіреді.

Аталған шара барысында облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Ғалымжан Тасжанов әріптестерін мерекемен құттықтап, қорғаныс саласына әскери басқару органдарының қосқан үлесі жөнінде айтып, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі. Қатысушыларға жергілікті әскери басқару органдарының тарихы мен қазіргі қызметі жайлы арнайы түсірілген бейнероликтер көрсетілді.

– Жергілікті әскери басқару органдарының жұмысы Қарулы күштеріміз үшін маңызды. Олар жұмылдыру даярлығы, аумақтық қорғанысты ұйымдастыру, әскерге шақырылушыларды тіркеу, әскер жасақтау, әскери міндеттілерді есепке алу, әскери оқу орындарына үміткерлерді іріктеу, әскери-техникалық мамандар даярлау жұмыстарын атқарады, – деді ардагер Мыңділда Ршауов.

Кездесу соңында үздік мамандарының еңбегі бағаланып, басшылық тарапынан Алғыс хаттарм табысталды.

Мұхит Қонаров,

 Қызылорда гарнизоны баспасөз

 қызметінің бастығы,

лейтенант

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<