Алмалының жолы жөнделе бастады

333

0

Әр іс өзінің сәтіне қарай орайласады. Сондай шаруаның бірі – Шиелі ауданындағы Алмалы ауылының жолы. Қыркүйек айының ортасынан бері осы жолға қатысты қозғалыс басталды. Жұмыс жүріп жатыр. Ауыл үстінен өтетін жолға қатысты жағдайды баяндап әуелі облыстық «Сыр бойы» газетінде дабыл қаққанбыз. Жоғарыдағылар назар аударсын деп «Егемен Қазақстан» газетіне де «Алмалылықтардың көңілі неге күпті?» деген мақала жарияладық. Сондай-ақ, «Қамшы кz»-те мәселені тағы да еске салдық. «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автодәлізін жобалау кезінде, қоғамдық тыңдау өткізілмеуінен ауыл тұрғындарының талабы ескерілмегендігін еске салдық.

Әлгіндей жіберілген кемшілік себебінен Алмалы ауылына кіріп-шығатын бірде-бір жол не көпір қалдырмауы тұрғындардың шаруашылық жүргізуіне, кәсіпкерлікке  қолайсыздық туғызуымен қатар қалтарыста қалған ауылдан  Қызылорда қаласына, аудан орталығына қатынаудың да күрделілігі айтылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<