Ақтөбе: Қобда ауданының орталығындағы үйлерді су басты

193

0

Фото, видео: Райгүл Еншібай

Ақтөбе облысы Қобда ауданының орталығында үйлерді су басты. Қазір тұрғындарды эвакуациялау жұмысы жүріп жатыр.

Ақтөбе облысы Қобда ауданының орталығы биыл да суға кетті. Қазіргі кезде онда құтқару жұмыстары жүріп жатыр.

– Қобдада Маңғыстау облысынан келген 52 құтқару жасағы бар. Олар Темір ауданынан сонда жіберілді. Қазір суға кеткен үйлердің саны есептеліп жатыр. Таңертеңгі ақпарат бойынша 100-ден астам адам эвакуацияланды. Сонымен бірге Ойыл ауданында да Ойыл өзені арнасынан шығуы мүмкін деген қауіп бар. Зерделеу жұмысы жүргізіліп жатыр. Түсте әуеден бақылау жүргізіледі, – деді Ақтөбе облыстық ТЖД бастығы Нұрғали Жүнісов.

Айта кетейік, өңірде 300-ге жуық адам эвакуацияланған. Көбі тума-туыстарының үйін паналауды жөн көрген. Ақтөбе қаласындағы эвакуациялық пунктте әзірге адамдар жоқ.

Еске салсақ, былтыр Қобда ауданында үйлер суға кетіп, аудандық деңгейде төтенше жағдай жарияланды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<