Аралдағы құрғақшылық: төтенше жағдай жарияланатын болды

1637

0

Дәл қазір облыс әкімінің орынбасары Серік Ахмет пен облыстық басқарма басшылары БАҚ өкілдерімен кездесуде.

Басқосуда бірқатар мәселелермен бірге Арал ауданындағы құрғақшылық жайы айтылмай қалмады. Бұл мәселеге жауап берген облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы Медет Усайн Арал ауданында төтенше жағдай жарияланатынын жеткізді.

Арал ауданында қуаңшылыққа байланысты төтенше жағдай жарияланатын болды. Бүгінде топырақтан алынған соңғы сынамалардың нәтижесі шықты. Құрғақшылықтан кеуіп кеткен жердің құнарлылығы небәрі 2 пайыздан аспайды.

Яғни, топырақта шөп шығатын нәр жоқ екені ғылыми негізде анықталып отыр. Бүгінде, барлық құжаттар құзырлы мекемеге жолданып, алдағы бірер күнде Аралда төтенше жағдай жарияланатын болады. Жыл басынан бері ауданда 500-дей мал қуаңшылықтан қырылды. Тақырға айналған жайылымдарда 250 мыңға жуық төрт-түлік көкке жарымай жүр. Малды сақтап қалу үшін 9 мың тоннадан аса жем-шөп қажет. Әзірге, соның 15 пайызы жеткізілген. Мамандар есебі бойынша жағдайды тұрақтандыру үшін 800 миллион теңгеге жуық қаржы қажет.

Еркін Әбішев, Арал ауданы әкімінің орынбасары: 
Жариялаған жағдайда біз бірінші кезекте, Сырдария арнасынан Бұрмақұлақ арнасын бөгеу арқылы, суды өткізу арқылы Ақшатау көлдер жүйесін, Қамбаш көлдер жүйесін суға толтыруды жоспарлап отырмыз. Және 15 елді мекеннің аумағына 15 су ұңғымасын қазу бірінші кезекте тұр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<