Ардагерлерге құрмет көрсетті

459

0

Бүгін қала әкімі Асылбек Шаменов 1 қазан – халықаралық Қарттар күніне орай, шаһардың ғасырмен тетелес тұрғындары, Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангер қарттарымыз Әбдірахман Бәйтіков пен Төлеген Жүнісовтің және жүз жасаған абзал ана Күлтай Кәрібаеваның шаңырағына сәлем бере барып, мерекелерімен құттықтады.

Шаһар басшысы ардақты ардагерлердің Тәуелсіздік жолындағы қажырлы күресі мен өңірді дамытудағы елеулі еңбектерін атап өтіп, бүгінгі жас ұрпаққа олардың өмір жолы өнеге екенін жеткізді.

Өздеріңіздей көпті көрген ардақты ардагерлердің, қазыналы қариялардың ерен еңбектері ел жадында. Бүгінгі жарқын жетістіктеріміз Сіздердің тыным таппай, жан аямай атқарған жұмыстарыңыздың жемісі. Ел болашағы үшін атқарған бар игі істеріңізге алғыс айтып, басымызды иеміз» – деген қала әкімі Асылбек Шаменов қариялардың деніне саулық, отбасына амандық тіледі. Сондай-ақ, сый-құрмет көрсетті.

Өз кезегінде қазыналы қарияларымыз да қала басшысының сый-құрметіне ризашылығын жеткізіп, ел іргесінің бүтіндігін, болашақтың жарқын болуын ақ батасына қосты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<