Автобустар енді “Яндекс GO-да”!

472

0

“Қызылорда” автобус паркі” ЖШС қарасты автобустардың келуін енді “ЯНДЕКС GO” ұялы қосымшасы арқылы бақылауға мүмкіндік бар.

Бүгінде Кызылорда Автобус Паркіне қарасты 18 бағыт (N°1,3,10,11,12,14,15,16,17,18,19,20,22,25,28,29,30,31) толықтай аталмыш қосымшаға орнатылған.

Айта кету керек, үлкен сыйымдылықтағы автобустарда мүмкіндігі шектеулі жандарға, ересектермен оқушылар үшін QR-кітап оқуға қолайлы жағдайлар жасалған! Салқындатқыш құралдары да қосулы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<