Имамзада Шағыртаев: «Ел үшін еңбек етеміз»

292

0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Бұл топырағы құнарлы Таң ауылынан табан аудармастан туған жерін түлету тұрғысында татымды тірліктер атқарған Имамзада Қуанышбайұлының айтқан сөзі. Ауыл шаруашылығын дамыту бойынша жемісті жұмыстар жүргізіп, елдің алғысын арқалаған белігілі кәсіпкер биыл “Қазақстанның Еңбек Ері” атанды. Бұл еңбек адамына берілген лайықты баға деп білеміз.

“Биыл облыстың аграрлық саласында ауқымды жобалар іске асып, аймақ абыройын өсірген жемісті де жеңісті жыл болды. Еңбегім еленіп Мемлекет басшысының қолынан марапат алу үлкен ғанибет. Алдағы уақытта ел үшін тынбай еңбек етіп, жас кәсіпкерлерге бағыт-бағдар беретін боламыз. Ауыл шаруашылығының жұмысын ілгерілету әр азаматтың міндеті деп білемін”,- деді Имамзада Қуанышбайұлы.

@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<