Экономиканың оң динамикасы

633

0

Өткен жылы облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары 773,1 млрд теңгенің өнімін өндірді. Өсім өңдеу өнеркәсібінің 14,5%-ке арту есебінен құралып отыр. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Ринат Құдайбергенов айтты. Өңір экономикасына 302,8 млрд теңге инвестиция салынды.

– Өткен жылы индустрияландыру бағдарламасы аясында жалпы құны 45,2 млрд теңгені құрайтын, 456 жұмыс орны бар 4 жоба іске асырылды. Табақша шыны шығару және өңдеу зауыты құрылысы, ас тұзын өндіру, Жаңақорған ауданындағы керамзит және керамзит блоктарын өндіру, қуаттылығы жылына 630 тонна күріш өңдеу цехы пайдалануға берілді, – деді Р.Құдайбергенов.

Сонымен қатар, былтыр 38 әлеуметтік нысанның құрылысы жүргізілген. Оның 17-і пайдалануға берілді. Атап айтқанда, 5 білім, 7 денсаулық, мәдениет және спорт саласына 2 нысаннан салынды. 103,3 млрд теңгеге құрылыс жұмыстары орындалды. Ал, ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 166,8 млрд теңгені құрады. Салада оң тенденция мал шаруашылығы есебінен қалыптасып отыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<