Кент келбетіне көрік берген құрылыстар

308

0

Аудан әкімі Жандос Еркінбекұлы жаңа жұмыс аптасын кенттегі құрылыс нысандарын аралаудан бастады.

Ең бірінші аудан басшысы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан Жосалы кенті әкімдігіне барып, ғимараттың ішкі жұмыстарымен танысты. Кент бойынша қойылған бейнетаспалардың жұмысын қарап, ауданның 95 жылдығына арналған шаралары өтетін орталық алаңның жай-күйін көрді.

Мұнан соң Жандос Еркінбекұлы Көшербаев көшесін абаттандыру жұмыстары бойынша өткен аптада нысандарды аралағанда берілген тапсырмасы бойынша орындалу жұмыстарын тексерді. Кент әкіміне әлі де кемшін тұстарды қалыпқа келтіру туралы тапсырма берді.

Қайта жөндеу жұмыстарын талап етіп тұрған аудандық орталық емхананың сыртқы жұмыстарымен танысқан аудан басшысы келесі нысан 50 жалдамалы тұрғын үйлердің аяқталуға жақын құрылысының барысын бағамдап, мердігер мекеме басшыларына 10 қазанға дейін үйлерді кезең-кезеңімен тапсыруды міндеттеді.

Келесі нысан «Шығыс» каналын абаттандыру жұмыстарының жақсы жүргізіп жатқанын көрген аудан әкімі бұл жұмыстарды да 95 жылдық мерейтойға тарту етуді тапсырды. Аудан әкімі есепті кездесулерінде айтып жүрген аудандағы ескі спорт кешенінің бу қазандығын табиғи газге ауыстыру жұмыстарының баяу екендігін ескертіп, сала бойынша орынбасарына қатаң бақылауға алуын талап етті.

Биыл жылу жұмыстары қайта жаңғыртудан өткен спорт кешеніне күрделі жөндеу жұмыстары алдағы жылдары жасалатын болады деп күтілуде.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<