Көктемгі егін егу және дала жұмыстары пысықталды

264

0

Фото: Жалағаш ауданының әкімдігі

Бүгін аудан әкімінің орынбасары Ғани Сүлейменовтың төрағалығымен көктемгі егін егу және дала жұмыстарына дайындық барысы туралы мәжіліс отырысы өтті.

Мәжіліске облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Дүйсебаев Талғат Тұрсынұлы, Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі «Арал-Сырдария» бассейндік инспекциясының басшысының орынбасары Қазтоғанов Зейнолла Молдағалиұлы, «Қазсушар» РМК Қызылорда филиалы директорының орынбасары Асанбаев Айдос Әлібекұлы, «Қазсушар» РМК Қызылорда филиалының Су шаруашылығы жөніндегі кеңесшісі Ерназаров Жорабек Шаршыбекұлы, Қызылорда облыстық жер ресурстарын басқару департаменті басшысының орынбасары Серікбаев Қанатбек Қуанышұлы қатысты.Күн тәртібіне сәйкес жұмысшы топ 2024 жылғы Сырдария өзенінің су шаруашылығы жағдайы, егісті әртараптандыру, су үнемдеу технологияларын кеңінен пайдалану және егіншілік саласын субсидиялаудағы биылғы өзгерістерді түсіндірді.

Сондай-ақ, 2024 жылы егіс орналастыру жұмыстарын уақытылы сапалы, әрі тиімді ұйымдастыру қажеттігі айтылды. Сонымен қатар мәжіліске қатысқан шаруашылық төрағаларына егіс орналастыру науқанын ойдағыдай өткізу үшін әлі де дайындық жұмыстарын пысықтап, көктемгі дала жұмыстарын оңтайлы мерзім ішінде жүргізуді қамтамасыз ету үшін қолда бар техникаларды толық дайындыққа келтіріп, барынша пайдалану керек екендігі ескертілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<