Көлік апаты кезіндегі медициналық көмек көрсету мәселесі талқыланды

744

0

Бүгін облыс әкімдігінің мәжіліс залында облыс әкімінің орынбасары Сактағанов Нұрымбет Аманұлының төрағалығымен облыс тұрғындарына жарақат алу және жазатайым оқиғалар, оның ішінде жол көлік апаты кезіндегі медициналық көмек көрсету туралы үйлестіру кеңесі болып өтті.

Өздеріңізге мәлім күтілетін өмір сүру ұзақтығын орташа 75 жасқа дейін ұлғайтуға тікелей әсер ететін көрсеткіштердің бірі – жол көлік оқиғалары кезінде болатын жарақаттар мен өлім-жітім санын азайту болып саналады. Бұл көрсеткішке барлық бағынысты мекемелердің жүйелі жұмысының нәтижесінде қол жеткізетініміз белгілі. Кеңеске облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Искаков Олжас Ермекұлы, облыстық полиция департаментінің, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының, білім басқармасының басшылары және қала, аудан әкімдерінің орынбасарлары қатысты.

Жиында алдымен 2023 жылдың 3 айының қорытындысымен, облыс тұрғындарына жарақат алу және жазатайым оқиғалар, оның ішінде жол көлік апаты кезіндегі медициналық көмек көрсету бойынша атқарылған іс-шаралар туралы аймақтың бас дәрігері Олжас Ермекұлы баяндады.

Одан соң жол көлік оқиғаларын азайту бойынша жүргізілген жұмыс барысы туралы облыстық полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары Майрихов Даурен Мырзалыұлы баяндаса, жол көлік оқиғаларын азайту бойынша 2023 жылдың 3 айында атқарылған іс-шаралары юойынша облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Сыздықов Жәнібек Шәкімбайұлы, Шиелі ауданы бойынша жол көлік оқиғалары бойынша Шиелі ауданы әкімінің орынбасары Ысмағұлов Болат Әбдулхайысұлы баяндады.

Атқарылған жұмыстар легімен мұқият танысқан Нұрымбет Аманұлы облыс тұрғындарына жарақат алу және жазатайым оқиғалар, оның ішінде жол көлік апаты кезіндегі медициналық көмек көрсету бағытындағы үйлестіру кеңесін қорытындылай келе, облыс бойынша травматолог дәрігерлерінің кадр тапшылығын төмендету мақсатында қажетті мамандардың жұмысқа тартылуын пысықтауды, жол көлік оқиғалары кезінде полиция қызметкерлері арасында алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша тәжірибелік семинар сабақтар ұйымдастырылуын тапсыра келе, Ұлттық Жобаны жүзеге асыруды қамтамасыз ету үшін, облыс тұрғындарының денсаулық жағдайын мен әлеуетін нығайту мақсатында барлығымыз бірлесіп жұмыс атқаруымыз қажет екендігін атап өтті. Осы ретте барша облыс тұрғындарын жол көлік апатынан сақтануға шақырамыз!

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<