Нәтижелі жұмыстар атқарылуда

594

0

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында «Қаржы орталығы» АҚ ілгерілету және сыртқы коммуникациялар департаменті директорының орынбасары Диас Жамбылов мемлекеттік қолдау шеңберінде студенттік жатақхана, жекеменшік мектептер салудың жай-жапсары туралы айтты.

– 2018 жылдан бастап студенттерді жатақханалардағы орындармен қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік тапсырыс механизмі жұмыс істейді. Бұл механизм кәсіпкердің құрылысқа кеткен инвестициялық шығыстарын кезең-кезеңімен өтейді. Республика бойынша қажеттілік 62 000, ал облыс бойынша 425 орынды құрайды. Мемлекеттен төлем мерзімі өткеннен кейін объект құрылыс салушының меншігінде қалады. Жалғыз шарт 20 жыл мерзімге объектінің нысаналы мақсатын өзгертуге болмайды.Осы механизм іске асқаннан бастап Кызылорда облысында 1805 төсек-орынға арналған 6 жатақхана енгiзiлдi, – деді Диас Жангелдіұлы.

– Бүгінгі таңда, облыста 31 жекеменшік мектеп қаржыландырылса, жеті жекеменшік мектепті ашу жоспарлануда. Ел дамуының маңызды межесі студенттік жатақханалар мен оқу ошақтарының тапшылығын жою екендігі мәлім. Басты мақсат – жастар үшін жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру, олардың өмір сүру сапасын жақсарту және сапалы әрі қолжетімді білім алуына жағдай жасау. Ағымдағы есептеулер бойынша елімізде тапшылық 270 мыңнан астам оқушы орнын құрайды және әр өңірде тіркелген. Бұл ретте Қызылорда облысында қажеттілік 8 589 орын. Қазіргі таңда, осындай әлеуметтік мәселелерді шешу бағытында нәтижелі жұмыстар атқарылып жатыр,-деді «Қаржы орталығы» АҚ ілгерілету және сыртқы коммуникациялар департаментінің жетекшісі Азамат Амангелдіұлы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<