Облыс әкімі жеке қабылдау өткізді

299

0

Фото:Облыс әкімдігі

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Жалағаш ауданының тұрғындарын жеке қабылдады.

Оған облыстық сот төрағасы, барлық құқық қорғау органдарының басшылары да қатысты.
Қабылдау ашықтық қағидатына негізделгендіктен, келушілер көп болды. Жалпы саны 50-ге жуық азаматтың өтінішін екі сағатқа жуық уақыт тыңдаған облыс әкімі барлық ұсыныс-пікір назардан тыс қалмайтынын жеткізді. Азаматтар көтерген басты мәселелер тұрғын үй алу, жұмысқа орналасу, жеке бизнес бастау және кәсібін кеңейту, аяқ су, қоғамдық көлік жайында болды.

Аймақ басшысы сауалдарды сала мамандары мұқият зерделеп, заң шеңберінде шешім қабылданатынын айтты. Көтерілген мәселелердің оңтайлы шешілуін қадағалау үшін жауапты басқарма басшыларына нақты міндеттер жүктеді. Азаматтардың сұрақтары бойынша тиісті түсіндірме беріліп, шешу жолдары қарастырылды.

Айта кетейік, ауданға жұмыс сапары барысында Нұрлыбек Машбекұлы бірқатар нысанның ашылу рәсіміне қатысты. Ауыл тұрғындарымен, ақсақалдармен кездесіп, Сыр өңіріндегі әлеуметтік-экономикалық мәселелерді, алдағы жоспарларды талқылады.

Бұған дейін аймақ басшысының тапсырмасымен облыс әкімінің орынбасарлары, құқық қорғау органдары басшыларының орынбасарлары әр ауданда бір күн бойы жеке қабылдаулар өткізді. Тұрғындар айтқан түйткілдер реттілігіне қарай шешімін тапты.

©️Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<