Өтініштер қараусыз қалмайды

443

0

«Облыстық ішкі саясат басқармасы» ММ арқылы төмендегі мемлекеттік қыз­меттер көрсетілетіндігін хабарлаймыз.

1. Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу;

2. Діни іс-шараларды өткізуге ар­налған үй-жайларды ғибадат үйлерінен тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру;

3. Діни әдебиетті және діни маз­мұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы шешім беру.

Сондай-ақ, облыстық ішкі саясат бас­қармасының келісімімен облыстық құ­рылыс, сәулет және қала құрылысы бас­қармасы арқылы көрсетілетін қызмет түрлері:

1. Ғибадат үйлерін салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру;

2. Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері етіп қайта бейімдеу (функцио­налдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру.

Биыл «Діни әдебиетті және діни маз­мұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналас­тырылуын бекіту туралы шешім беру» мемлекеттік көр­сетілетін қызметі бойынша «е-лицензия» электронды пор­талы арқылы 2 өтініш түскен болатын. Аталған қызметтің қа­ғидасына сәйкес құ­жаттар қаралып, қызмет алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету қағидасына сәйкес толық ұсынылмауына байланысты өтініш қанағаттандырылмады.

«Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын адамдарды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» қызметі бо­йынша үш өтініш тіркеліп екі қызмет алушыға мемлекеттік қызмет көрсету куәлігі табысталды, ал үшінші қызмет алушының сенімхатының болмауына, құжаттар топтамасының жеткіліксіздігіне байланысты өтініші орындалмады.

Биылдан бастап Ақпарат және қо­ғамдық даму министрлігінің Дін істері ко­митеті бекіткен қағидаларға сәйкес «е-лицензия» электронды порталы арқы­лы қызмет көр­сетілуде. Сондай-ақ, мемле­кеттік қыз­мет­терді портал арқылы көрсету үлесін арттыру бағытында он айда 9 түсіндірме жұмысы ұйымдастырылды. Ақпа­раттандыру мақ­сатында арнайы әзірленген материалдар таратылды. Алдағы уақытта тиісті жұмыстар жалғасын табады. Осы мерзімде қызмет алушылардан басқарма атына арыз-шағым түскен жоқ. Сонымен қатар, дін саласындағы мемлекеттік қызметтер туралы толық ақпаратты облыстық ішкі саясат басқармасының ресми веб-порталынан немесе 605326 телефонына хабарласып алатыныңызды назарыңызға саламыз.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<