Коронавирус: 17 науқас тіркелді

416

0

Өткен тәулікте Қызылорда облысында коронавирус инфекциясымен 17 науқас тіркелді (Қызылорда қаласында 10, Жалағаш ауданында 1, Шиелі ауданы 5, Жаңақорған ауданы 1). Сол күні осы індеттен 7 адам айығып, дәрігерлер бақылауынан шығарылған. Қазіргі таңда облыс бойынша инфекциялық стационардың реанимация бөлімінде 2 науқас, инфекциялық стационарда 31 науқас ем алуда.Ағымдағы жылдың 18 ақпаны күні облыс зертханаларына 1 266 адам сынама тапсырып, мамандар 807 сынама бойынша тексерісті аяқтаған. Бүгінде зертханалар қорында 18 559 қалдық тест бар.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<