Он сегіз мың гектарға күріш егіледі

503

0

Сырдария ауданында 30 518 гектар егіс алқабына ауыл шаруашылығы дақылдары егіледі. Негізгі дақыл – күріштің көлемі 18 520 гектарды құрайды. Одан бөлек, жаздық бидай мен мал азықтық дақылдарды орналастыру жоспарлануда. Бұл туралы көшпелі баспасөз конференциясында Сырдария ауданы әкімінің орынбасары Талғат Нұртазаев айтты.

̶̶ Бүгінде 5 мың гектар жерге күріш дақылы егіліп, 4 мың гектары суға бастырылды. Каналдар мен қашыртқылар бойына 50 насос қондырғысы орналастырылды. Сондай-ақ, суды аз қажет ететін дақылдар көлемі ұлғайтылды. Аудандағы барлық шаруашылықтарға су бармайтын жерлерде егін екпеу туралы ескерту жасалды, ̶  деді аудан әкімінің орынбасары Т.Нұртазаев.

Сырдария ауданына қарасты Бесарық елді мекенінде көктемгі егін науқаны қызу жүруде. Мұнда 700 гектарға күріш дақылы егілмек.

̶ Биыл су тапшылығына байланысты 10 гектар қант құмайы, 20 гектар сүрлемдік жүгері, 100 гектар жаңа жоңышқа егілді. Қазіргі таңда егін егу жұмыстарына 30-дан астам техника жұмылдырылып, 9 насос іске қосылды, – деді «Абай Даулет» ЖШС агрономы Өтепберген Қалиев.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<