Партиялық бақылау комиссиясының көшпелі отырысы өтті

573

0

«Nur Otan» партиясының Партиялық бақылау комитетінің 2020 жылғы 22 қазандағы №002-13 Қаулысына сәйкес, облыстық партия филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының Жаңақорған ауданында көшпелі отырысы өткізілді.

Отырыс барысында аймақ тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатындағы мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар аясында жүзеге асырылып жатқан жобалардың орындаласы туралы облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Жоламановтың есебі тыңдалды.

Басқарма басшысы орынбасарының айтуынша бағдарламалар аясындағы жобалар өз мерзімінде жүзеге асырылуда. Алайда, «Талап – Сырдария» тораптық су құбыры құрылысы жобасы аясында тұрғындарға мерзімінде су жеткізу қауіпі туындап отыр.
Нысанды аяқтау мерзімі Су ресурстары Комитеті мен «Қазсушар» РМК арасындағы келісім-шартқа сәйкес 2020 жылғы қараша айына жоспарланған. Осы жобамен Талап бас су өндіру кешені аумағында бір сызықта небәрі 350 метр қашықтықта 8 ұңғыма бұрғыланды.

Ұңғымалардың бір-бірінен ара қашықтығы 50 метрден аспайды. Соның салдарынан қазылған ұңғымалардан жобада қаралған сағатына 65 текше метр дебиттің орнына сағатына небәрі 35-40 текше метр су шығуда. Сондықтан осындай дебитпен алдағы уақытта 27 ауылға су жеткізе алмау қауіпі бар,- дейді басқарма басшысының орынбасары Ерлан Жоламанов.

Зерделеу жұмыстары аясында барлық мәселені көзбен көрген партиялық бақылау комиссиясының мүшелері жоба бойынша туындаған мәселені бақылауға алып, тиісті жұмыстарды қолға алды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<