Полицейлер жоғалған жасөспірімді тапты

831

0

Кеше, қарашаның 16-сы күні сағат 09:10 шамасында Қазалы ауданы, Кәукей ауылдық округі, Ажар елді мекенінің тұрғыны 22.11.2009 ж.т. кәмелетке толмаған Дәулетбай Жанарыс Ғалымжанұлы есекке мініп, елді мекеннің кезекпен бағылатын шамамен 200 бас қойын шығыс беткейдегі 10 – 15 шақырымда орналасқан «Үш ағаш» деген мал жайылымдық жерге қарай бағыт алып, үйіне қайта оралмаған.​ ​​ ​

​ ​ ​ ​ ​ ​ Шұғыл түрде оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері іздестіру жұмыстарына кірісті. Сондай – ақ, іздестіру жұмыстарына полиция қызметкерлерімен бірге ауыл тұрғындары, жасөспірімнің​ туған – туыстары, жедел құтқару қызметі, ауылдық округ әкімдігінің қызметкерлері, шекара қызметкерлері және автокөліктер мен​ арнайы техника​ жұмылдырылған болатын.​​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Іздеу жұмыстары Полиция департаменті бастығының қатаң бақылауында болды. ​ ​ ​​ ​ ​ ​ ​ ​ ​

​ Бүгін, шамамен сағат 11:20 шамасында Қызылорда облысы ПД-ң Қазалы ауданы полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Еркін Жақсылықов пен учаскелік полиция инспекторының көмекшісі полиция капитаны Самалбек Нысанбаев ауыл тұрғындарымен, шекара қызметкерлері, ауылдық округ әкімдігінің қызметкерлерімен ​ ​ бірлесіп жүргізген іздестіру шараларының нәтижесінде аудан орталығынан 210 шақырым қашықтықта жайылымдықтан 15 шақырым жерде сайдың ішінен жасөспірімді аман – есен тапты. ​ Жоғалған ​ мал да түгел​ табылды.​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​​ ​ ​ ​ ​

​ ​ Қазіргі уақытта аман табылған бала ата – анасына тапсырылды. Оның денсаулығына ешқандай қауіп ​ төніп тұрған жоқ. Полицейлер жасөспірімнің ата – анасымен профилактикалық жұмыстар жүргізіп, оқиғаның мән – жайларын анықтауда.​ ​ ​ ​

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<