«Қамысқаладан Қызылордаға» атты фотокөрме өтті

613

0

Ақмешіт филиал музейінде Қызылорда Қазақ АКСР-нің астанасы болғанына 95 жыл толуына орай «Қамысқаладан Қызылордаға» атты фотокөрме ұйымдастырылды. Көрме барысында музейге келушілерге екі ғасырлық тарихы бар іргелі қаланың өткеніне көз жүгіртіп, Қамысқала атты елді мекенде 1817 жылы Қоқан хандығы Ресей империясынан қорғану мақсатында Сырдарияның төменгі ағысында бекіністер салынғандығы, Орынбордан астананың Ақмешітке көшірліуі, мәдениет пен өнердің киелі мекені болғаны жайлы баяндайтын фотокөрмемен танысты.


Көрменің мақсаты – киелі мекеніміздің тарихын насихаттаудың бір жолы өткенімізге жете үңілу, ескі мұраларды заман талабына сай байыптау. Қаймағы бұзылмаған қазақ халқының қасиетті мекеніне айналған, тамыры түркілерден бастау алған, ұлтымыздың ұлылығымен мен азаматтығына куә болған Сырдария жағалауындағы шырайлы шаһардың өткені мен бүгінгі тарихы жайлы насихаттау.


Көрмеге музей қорындағы архивтік материалдар, фотосуреттер, арнайы витринада ХІХ ғасырдағы қазақ батырларының бес қаруы, Орынбор-Ташкент теміржолының салынуы, теміржол вокзалындағы пайдаланған т.б. экспонаттар қойылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<