Қармақшыда отбасын қолдау орталығы ашылды

227

0

Фото: Қармақшы ауданының әкімдігі

Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбектің қатысуымен Отбасын қолдау орталығы ашылды. Орталық өмірлік қиындыққа тап болған және отбасылық зорлық-зомбылықтың зардабын тартқан әйелдер мен олардың балаларын қолдауға бағытталған. Сонымен қатар, орталық психологиялық, әлеуметтік және құқықтық көмек көрсетумен қатар отбасы институтын нығайтуға жан-жақты қолдау жасайды.

Жаңа ғимаратта психолог бөлмесі, мәжіліс залы, тігін шеберханасы, асхана, уақытша 4 адамға 2 жатын бөлме, жаттығу және балалар ойын бөлмесі, қызмет көрсету залымен жабдықталған. Бұл қызмет көрсету бөлмелерінің барлығы талапқа сай қажетті құрал-жабдықтармен толықтай қамтамасыз етілген.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<