Қашықтықтан оқыту жүйесінің психологиялық тиімділігі талданды

950

0

Қызылорда «Болашақ» университетінің «Педагогика, дефектология» кафедрасының Әлеуметтік мәселелерді психологиялық және дефектологиялық зерттеу орталығы «ZOOM» платформасы арқылы «Пандемия жағдайында қашықтықтан оқыту жүйесінің психологиялық тиімділігін арттыру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелге кафедра оқытушылары мен 2 курс студенттері қатысты. Дөңгелек үстелді өткізудің мақсаты – қашықтықтан оқыту жүйесін жан-жақты талдау, пандемия жағдайындағы қашықтықтан оқыту жүйесінің ерекшеліктерін, ЖОО білім алушыларына психологиялық әсерін және тиімділігін арттыру мүмкіндіктерін қарастыру.

Шараны университет ректоры, техника ғылымдарының кандидаты Қ.Дәуренбеков ашты. Өткізіліп отырған дөңгелек үстелді ұйымдастырушы, кафедра оқытушысы Г.Әбілдаева қашықтықтан оқыту жүйесі туралы қысқаша тоқталып, дөңгелек үстелдің мақсаты мен міндеттерін айтып өтті. Дөңгелек үстел аясында қашықтықтан оқыту жүйесінің артықшылықтары мен кемшіліктері, пандемия жағдайында қашықтықтан оқыту жүйесінің ерекшеліктері мен ЖОО білім алушыларына психологиялық әсері, жалпы қашықтықтан оқыту жүйесінің еліміздегі статистикасы келтіріліп, «Педагогика, дефектология» кафедрасының 1 курс пен 4 курс аралығындағы білім алушылардан алынған сауалнамалар нәтижелері келтірілді.

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің «Педагогика және психология» факультеті, «Теориялық және практикалық психология» кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының кандидаты Зинакүл Дүйсенбайқызы Өтепбергенова «Қашықтықтан оқыту жүйесінің ЖОО білім алушыларына психологиялық әсері» тақырыбында талдау жасап, баяндамасын оқыды. Сонымен қатар, «Педагогика және психология» мамандығының 2-курс студенті Аяжан Төлеубайдың «Қашықтықтан оқыту жүйесінің тиімділігі», Гүлдана Дәуленованың «Қашықтықтан оқыту – заман талабы» тақырыптарында және  «Дефектология» мамандығының 2-курс студенті Айбаршын Талғатқызының «Қашықтықтан оқыту жүйесінің статистикасы» тақырыбында баяндамалары тыңдалды. Дөңгелек үстел барысында пандемия жағдайындағы қашықтықтан оқыту жүйесінің психологиялық тиімділігін арттыруға байланысты мәселелер өз дәрежесінде талданды.

Әлеуметтік мәселелерді психологиялық

және дефектологиялық зерттеу орталығы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<