Қазалы ауданында рейд шаралары күшейді

748

0

Елдегі эпидемиологиялық жағдайға орай санитарлық талаптардың күшейтілуіне байланысты арнайы мобильді топ мүшелерінің қатысуымен ауданда рейдтік шаралар жүргізілді. Арнайы топ мүшелері тексеріс жұмыстары барысында қоғамдық орындар мен дүкендерді аралап, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Көпшілік тамақтанатын орындар мен дүкендердің қожайындарына карантиндік талаптардың қатаң қадағалануын ескертті. Сонымен қатар, қызметкерлер мен келушілердің арасында бетперделік режимді сақталуына айрықша көңіл бөлуді тапсырды.

Мобильді топ мүшелері кәсіпкерлік нысан иелеріне санитарлық талаптар бұзылған жағдайда және шектеу уақытынан артық жұмыс жасау жағдайлары анықталса бас санитарлық дәрігердің қаулысы негізінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шара көрілетіндігін айтты.

Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<