Қазыбек Ботаевқа «Ерен еңбегі үшін» медалі табысталды

487

0

Қызылордада ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Жасампаздыққа толы жылдар» атты салтанатты шара өтіп жатыр.

Шараға ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев, облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова, Тұңғыш Ғарышкер Тоқтар Әубәкіров, ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Мұрат Бақтиярұлы, Нұртөре Жүсіп, Ақмарал Әлназарова қатысуда.

Салтанатты шарада «Сыр медиа» серіктестігіне қарасты «Кызылординские вести» газетінің бас редакторы әріптесіміз Қазыбек Ботаев «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Ботаев Қазбек Камалұлы 1957 жылы 15 желтоқсанда Қызылорда облысы, Шиелі ауданында дүниеге келген. 1975 жылы «Авангард» колхозындағы №49 орта мектепті тәмамдаған. 1976-1978 жылдары аралығында Кеңес Армиясы қатарында азаматтық борышын өтеді. ҚазҰУ-дың филология факультетінің түлегі.

Еңбек жолын 1984 жылы Қызылорда қаласындағы №235 орта мектепте орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастаған. 1994-1998 жылдары облыстық радионың орыс редакциясында редактор, аға редактор қызметін атқарады. 1998-1999 жылдары облыстық Ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының бас маманы, 1998-2011 жылдары облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасында  редактор, ақпараттық қызметтің бас редакторы және жаңалықтар бөлімінің редакторы қызметтерін атқарды.

Соңғы 10 жылдан бері «Кызылординские вести» газетінде еңбек етіп келеді.