ҚР ІІМ бірқатар мемлекеттік қызмет түрін egov-қа ауыстырып жатыр

247

0

Алдағы уақытта Ішкі істер министрлігі көрсететін бірқатар мемлекеттік қызмет түрі Азаматтарға арналған үкімет (egov.kz) порталында қолжетімді болады. Бұл туралы ІІМ-нің онлайн баспасөз мәслихатында министрліктің Көші қон қызметі комитеті төрағасының орынбасары Сабыржан Сейітжанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ішкі істер органдары көрсететін мемлекеттік қызметтің төмендегі түрлерін алдағы уақытта egov-тан алуға болады:

  • бұрын есептен шығарылған көлік құралын сатуға байланысты қайта тіркеу;
  • есепте тұрған және есептен шығарылған көлік құралдарын заңды тұлғалардың атына қайта тіркеу;
  • есепте тұрған және есептен шығарылған мотокөлік, тіркеме иелері үшін көлік құралдарын қайта тіркеу;
  • жоғалтқан немесе анкеталық мәліметтер ауыстырылған жағдайда көлік құралдарын тіркеу туралы куәландыруды ауыстыру, сонымен қатар көліктің мемлекеттік нөмірі жоғалған немесе зақымдалған жағдайда ауыстыру қызметі;
  • қызмет алушының атына тіркелген мемлекеттік нөмірдің дубликатын дайындау.

Еске сала кетсек, Ішкі істер министрлігі мемлекеттік қызметті көрсету процедураларын қысқартып, әкімшілік кедергілерді төмендетіп, қызметкерлердің бұл іске араласуы мен пара алу ықтималдығын азайтып жатыр.

Жыл басынан бері 9 мемлекеттік қызмет автоматтандырылды. Оның 8-і қару айналымына, 1-і қаруды қылмыстық сипатта зерттеу саласына қатысты. Бүгінде автоматтандыру деңгейі 88,6 пайызды құрайды. Яғни барлық 44 қызметтің 39-ы автоматтандырылған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз