Құнды мұра ұрпақ жадында

461

0

Биыл «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясына  Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы мен шығыс ғұламасы Әбу Насыр әл Фарабидің 1150 жылдығына байланысты Әнуар Әлімжановтың  «Ұстаздың оралуы» романы таңдап алынған болатын.

   Осы орайда Арал аудандық №1 кітапханада  аталған роман желісінде  акция өткізіліп, бейнеролик көрсетілді.

   Шараның мақсаты – ұлттық әдебиетіміздің ең үздік туындысын оқу және насихаттау. Рухани мұраны сақтау, отандық әдебиетке жастардың қызығушылығын арттыру.

    Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының бірінші кітабы Абайдың жастық шағын суреттеп, оның ел тіршілігімен танысып, ашылуын бейнелейді. Екінші кітап ақындыққа, ойшылдыққа бағыт алған кезін оқырманға жеткізеді. Мұнда адамдар арасындағы тартыс ашық көрсетіледі. Үшінші кітапта Абайдың өз ортасынан бөлініп, халықпен тағыз қарым-қатынаста болып, араласқанын және төртінші кітапта Абай жолының кеңейіп, қалаға, далаға тарауын, оның үлкен қоғамдық күшке айналғанын аңғаруға болады. Ал, Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» романы орта ғасырларда өмір сүрген ұлы ғалым әл Фарабидің тарихи бейнесін аша түседі.

   Оқырмандар  атаулы романдарды талдап, өзара пікір алмасып, ой бөлісті. Арнайы дайындалған бейнероликті тамашалады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<